Қазақстан нарығына келетін бесінші әуе компания қандай?
Қазақстан нарығында бесінші әуе компаниясы пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында мәлімдеді.
Жалпы (Qazaq Air компаниясын – ред.) сатамыз деген ой бар. Біз бірнеше компанияға ұсындық. Оның ішінде соңғы рет барғанда Въетнамда Sovico деген компания бар. Онымен көбірек жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, компания қазақстандық нарықты зерттеу үстінде.
Олар ішкі нарықты зерттеп жатыр. «Виджет» деген компания бар. Ол елімізде ұшып жүр. Ол – лоукостер. Олардың ұшақтары өте көп. Соны тартамыз деген ой бар. Бірақ ол қазір шешілді деген мәселе емес. Оны алдын ала айтуға ерте, - деді Марат Қарабаев.
Журналистер әлеуметтік билеттерге қатысты сұрақ қойды.
Қазір бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ. Себебі, бұл мәселе түбінде субсидияға барып тіреледі. Осыдан 2 жыл бұрын әуежайдың өзіне 2,5 трлн теңге субсидия бөлсек, қазір ол 8 млрд теңгеге өсті. Сондықтан ол бюджетке артық қосымша жүк болады. Бюджет біздің салық төлеушілердің есебінен құрылады, - деп жауап берді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында Марат Қарабаев ұшақ билеттерінің неге қымбаттап жатқанын түсіндірген болатын.