Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады Бүгінгі ресми шаралардан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Telegram парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда жүр.
Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді. Оның нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Тоқаев пен Ердоған стратегиялық мәлімдемеге қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.
Қазақстан мен Түркия Президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.
Ресми кездесуді аяқтап, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы