24 Қараша 2026, 13:19 Фото: Primeminister.kz сайты

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы ірі өткізу бекеті 2028 жылға дейін жабылады

25 қарашадан бастап «Чалдыбар – автожол» өткізу бекеті арқылы тек жаяу өтуге болады. Екі бағытта да көлік қозғалысы толық тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ АКИpress-ке сілтеме жасап.

Шекаралық өткел Қазақстан тарапынан – Жамбыл облысында, ал Қырғызстан тарапынан Шу облысында орналасқан. Шектеулер «Чалдыбар» бекетіне қарама-қарсы орналасқан іргелес қазақстандық «Сыпатай батыр – автожол» өткізу бекетіндегі күрделі құрылыс жұмыстарына байланысты енгізілуде. Сонымен қатар 23 қарашадан бастап «Чалдыбарда» Қазақстаннан Қырғызстанға жүк көліктерінің кіруіне ішінара шектеулер күшіне енген.

«25 қараша сағат 01:00-ден бастап (Бішкек уақытымен) өткізу бекеті арқылы жеңіл және жүк автомобильдерінің, сондай-ақ автобустардың қозғалысы екі бағытта да толық тоқтатылады. Бұл ретте азаматтар мемлекеттік шекарадан қалыпты режимде жаяу өте алады», – делінген Қырғызстан шекара қызметінің хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Сыпатай батыр» және «Чалдыбар» бекеттері арқылы көлік қозғалысын 2027 жылдың соңына қарай қайта жандандыру жоспарланып отыр.

Шектеулерге байланысты азаматтарға, жүргізушілерге және көлік-логистика компанияларына шекарадан өту кезінде көлік кептелісі мен қолайсыздықтарды болдырмау үшін бағыттарды алдын ала жоспарлап, шектеулерді ескеру ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан шекарасын кесіп өткен Иран азаматтары жауапқа тартылды. 

Тағы оқи отырыңыз:

Беларусьтен келген сиыр еті Қазақстан арқылы транзитпен өткізілмеді

Косметика астына жасырылған 32 кг есірткіні әкелу әрекеті тоқтатылды

Шетелдік азамат киімінің астына 70 мың доллар жасырып, ел шекарасынан өтпек болды