14 Шілде 2026, 16:43 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Қазақстан мен Грузия арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Грузияға жаңа әуе бағыты ашылуда.

ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Енді Қазақстан мен Грузия арасында жаңа әуе рейсі ашылады.

14 шілдеден бастап қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы Атырау мен Батуми арасында Грузияға жаңа бағыт ашады. Рейстер аптасына бір рет (сейсенбі күндері) Airbus A320 ұшақтарымен орындалады. Бұл әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытады деп күтілуде, - деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізгені хабарланды.