Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүшелігі арқылы халықаралық алаңда субъект ретінде мойындалды
Жуырда Варшавада Адами өлшем жөнінде конференция өтті. Жиын бізге не береді? ҮЕҰ-дарда шешілмей жатқан қандай мәселе бар? Осы және өзге де сұрақты «Қазіргі заманғы саясат институты» қоғамдық қорының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Сергей Коноваловқа қойған болатынбыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Польшада өткен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросындағы Варшава конференциясына қатыстыңыз. Іс-шара біздің елімізге не береді?
- Бұл конференция Варшава келісімшартына бұрын мүше болған мемлекеттердің бағытындағы әріптестіктің үш өлшемін ілгерілету элементі ретінде өз бастауын 1993 жылдан алады. ЕҚЫҰ-ны Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ретінде есте сақтау керек. Қауіпсіздік, экономикалық әріптестік пен демократия және адам құқықтарының қағидаттарын қорғайтын адами өлшем ретінде жадымызда ұстаған жөн.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылы мүше болды және бүгінде құрамына 56 мемлекет мүше болып отырған ұйымның халықаралық алаңдағы субъект ретінде мойындалуын білдірді.
Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро – ЕҚЫҰ-ның құрылымының бір бөлігі. Бұл бюроның атауын біз әсіресе сайлау кезінде жиі естиміз. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның осы бюросынан сайлауға халықаралық байқаушыларды шақырады. Олар сайлауға өз бағалары мен сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты нұсқаулықтарын береді.
Бұл ілгерілеу мен демократияға қарай қадам басудағы маңызды элемент екені белгілі. Былтыр және биыл елімізде президенттік және парламенттік сайлау өткені баршаға аян. Осы саяси науқан бойынша ЕҚЫҰ бақылау туралы есептерін ұсынды. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен өткен сайлауларға қатысты ескертулермен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
- Варшава конференциясынан не түйдіңіз?
- Менің Варшава конференциясына қатысуға барғандағы мақсатым – осы елде өмір сүріп жатқан баршамыз қалайтындай Қазақстан демократиялық бағытқа қол жеткізген-жеткізбегендігін анықтау еді. Өйткені Еуропада көзге айқын көрінбейтін, бірақ Еуразияның жүрегінде тұрғанда түсініктірек болатын бірнеше фактор бар. Бұл жерде есептесуге тура келетін өзге ақиқат бар. Әлсіз мемлекет қауіпсіздік үшін айтарлықтай қатер төндіреді, бұл дегеніміз демократия үшін де қауіпті. Сондықтан күшті мемлекет пен күшті азаматтық қоғам арасындағы оңтайлы теңгерімді табу маңызды. Олар бір-біріне қарама-қайшы келмей, керісінше, бірін-бірі толықтырып тұруы қажет.
- ҮЕҰ бойынша бізде шешілмеген қандай проблемалар бар? Бұл конференция сол проблемаларды шешуге көмектесе ме?
- Қазақстанда түрлі бағыттағы 23,5 мың үкіметтік емес ұйым бар екен. Алайда олардың төрттен бір бөлігі ғана шын мәнінде жұмыс істеп тұр. Біздің заң шығаратын механизм ҮЕҰ-ды жылдам жоюға, яғни секторды бірден тазалауға да, ҮЕҰ-ды бірден құруға да қауқарсыз. Кейде заңды жауапкершілік бизнес өкілдеріне қарағанда жоғары. Сол үшін заңнаманы жетілдіру жұмысы жалғасуда.
Тағы бір мәселе – антиэкстремистік заңнама қаншалықты дұрыс деген тұрғыдағы пікір таластырудың болуы. Көбінесе ҮЕҰ ол экстремизмге қарағанда биліктің саяси оппоненттеріне қарсы бұрылғанын растайды. Алайда олардың оппоненттері заңнама діни радикализмді таратудан қоғамды қорғау үшін айтарлықтай маңызға ие деп есептейді.
Адами өлшем жөніндегі Варшава конференциясының ең басты нәтижесі үкіметтік емес сектордың түрлі сегменттері форумда ұсынылуы мүмкіндігінен, ол жерде сөз сөйлеуге және проблемаңды жеткізуге болатындығынан тұрады.
Конференцияда заманауи ақпараттық сын-қатерлер туралы ойлар нақты айтылды. Біз теріс хабар, фейк ақпараттар немесе жай ғана қате ақпараттар дәуірінде өмір сүрудеміз. Оларға іс жүзінде қолжетімділікке де шектеу жоқ. Осы тұрғыда азаматтық қоғамның рөлі туралы мәселенің көтерілуі заңдылық. ҮЕҰ оның бір бөлігі ретінде ақпараттың тазалығымен күресу, азаматтық жауапкершілік қағидаттарын ілгерілетудің алдыңғы шебіне айналуға тиіс.
Форумда айтылғандай, БАҚ мейірімділікті насихаттаудың күші болуы керек. Өйткені азаматтық қоғамның рөлі, оның жаңа рөлін қабылдаудың маңызы зор.
Бүгінгі таңда мәселе азаматтық қоғам мен мемлекеттің академиялық дискурстағы классикалық түсінігі қоғамның көпорталылығына жол беретіндігінде жатыр. Азаматтық қоғам дегеніміздің өзі – өз қызығушылығын өркениетті түрде қалыптастырып, артикуляциялайтын саяси белсенді әрі саналы қоғамның элементі. Мемлекет бұл сигналдарды кері байланыс аясында қабылдайды. Егер олай жасамайтын болса, протесттер түріндегі қарсылықтар орын алады. Сондықтан азаматтық қоғаммен диалог жасау – кез келген мемлекеттің экзистенциалды қажеттілігі.
- ҮЕҰ саласында басқа мемлекеттерден нені үйренуіміз керек?
- Жеке өз басым осындай сипаттағы форумға алғаш рет қатыстым. Өзім үшін көп дүниені түйдім. Бәрінен бұрын, диалог мәдениеті, форумның құрылымы маңызды. Бұл Польша үшін де, оның астанасы үшін де пайдалы имидждік өнім деп атар едім. Брендтеу. Варшава алаңында үкіметтік емес ұйымдардың мұндай диалогы ондаған жыл бойы жалғасып келеді. Бізде әр екі жыл сайын өткізілетін азаматтық форум бар, бірақ ол мәртебесін көтеруді талап етеді. Мәселен, биыл өткен Астана халықаралық форумын атауға болады.
Бірақ біз мысалы, Еуразияның жекелеген елдеріне қарағанда ұтатын, ерекшеленетін тұстарымыз да бар. Қазақстандық ҮЕҰ Варшава конференциясын айыптау, тілдесу немесе тараптар арасында айтысып-тартысу үшін қолданбайтын кемелдену деңгейіне жетті. Егер ЕҚЫҰ мүше 56 мемлекеттен делегаттар келетін құрметті аудиторияға дейін жеткізгіміз келетін мәселелерді көтеретін алаң деп айтсақ, олардың уақыты мен назарын үнемдеу.
Қазақстандық ҮЕҰ қосарлас сессиялардың демеушісі немесе сайд-ивент деген атаумен қатысады. Биыл біздің ҮЕҰ сондай екі іс-шара ұйымдастырды.
- Әңгімеңізге рахмет!