Қазақ тілінде ән жаздырамын - Silk Way Star байқауының жеңімпазы

Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының жеңімпазы, моңғолиялық Мишель Джозеф қазақ тілінде ән шығарғысы келетінін айтты. Бұл туралы әнші Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазірдің өзінде қазақша әннің үстінде жұмыс істеп жатырмын. Қазақ мәдениетін де, тілін де өте жақсы көремін. Қазақ тілі — өте әдемі, сондықтан оны үйренгім келеді. Сол кезден бері дәл осы тілде ән шығарып, оны қазақстандық тыңдармандарыма арнағым келетінін ойлай бастадым, — деді Мишель.

Ол сонымен бірге конкурсқа қатысқан әрбір өнерпазға және қазылар алқасына алғыс білдірді.

Финалда өзімді өте жақсы сезіндім. Бірақ жобаның аяқталғанына сәл көңілім құлазыды. Соған қарамастан, келесі жылы да осы байқауға қайта қатысуды қалаймын, — деді ол.

Еске салайық, елордада Азия вокалдық Silk Way Star байқауы мәресіне жетті. Жеңімпазға сыйлықты Димаш Құдайберген табыстады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы