Бүгiн 2026, 11:26 Фото: Алматы қ. прокуратурасы

«Қазақ энциклопедиясы» қайтарылды: Экс-министр Мұхамедиұлы айналасындағы тағы бір заңсыздық әшкере болды

Алматыдағы алып ғимарат пен жер телімі мемлекетке қайтарылды.

«Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды.

Прокуратура «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесін ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А. Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен мемлекетке қайтарды.

2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесі жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған, жеке заңды тұлғамен заңсыз жекешелендірілген (Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат). Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген. Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға жатады, - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Риддерде туризмге кедергі жасаған әкімдік шешімі заңсыз деп танылды.

Ақтөбеде бұрын ақталған экс-шенеунікке қайта үкім шығып, 3 жылға сотталды

Ақсуда "жүктімін" деген әйел 20 тәулікке қамалды

БҚО-да алимент төлемей жүрген әкелердің құмар ойынға миллиондап ақша тіккені анықталды