Қай өңірлерде қызылша өршіп тұр? Министр жауап берді

Елімізде қызылшаны 82 пайыз балалар жұқтырған. Үкімет отырысында Денсаулық министрі Ажар Ғиният осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Қазақстанда қызылшаны жұқтырудың 17 мыңнан аса дерегі тіркелген. Оның – 82 пайыздан астамы балалар. Оның ішінде вакцина алмаған балалар 83 пайыз. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Жоғары деңгейде Шымкент қаласында байқалады – 3 мыңнан аса жағдай тіркеліп отыр. Алматы қаласы, Жамбыл облыстарында – 2 мыңнан аса жағдай. Алматы, Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстарында 1 мыңнан аса жағдай тіркелді, - деді Ажар Ғиният.

Министр вирустың таралуы қыркүйекте басталғанын атап өтті.

Себебі, оқу жылында ұйымдасқан ұжымда балалардың жиналуы байқалады. Салдарынан сыртқаттанушылық деңгейі 2 есе өсті. Қарашада қызылшаның 6 мыңнан аса дерегі тірелді, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Премьер-министр вирустың алдын алу үшін вакцинаны күшейту керегін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы