Қауіпті Нипах вирусы: Дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нипах вирусының елге әкелінуіне жол бермеу мақсатында Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын қазақстандық туристерге арналған ұсынымдар жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мамандар Оңтүстік-Шығыс Азияның эндемиялық елдеріне сапары кезінде келесі шараларды сақтауды ұсынады:

Ұшатын жарқанаттармен, шошқалармен және басқа да жануарлармен байланыстан аулақ болу;

Жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды үнемі сабынмен жуу немесе антисептик қолдану;

Тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану;

Шикі құрма шырындарын ішпеу және жануарлар арқылы ластануы мүмкін тағамдарды тұиынбау;

Жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуу және тазалау.

Ауру белгілері пайда болған жағдайда, мысалы, жоғары температура, жөтел немесе қатты бас ауруы болса, дереу дәрігерге қаралу қажет, – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында Нипах вирусына қарсы шаралар өткен болатын. 

Сондай-ақ, ДДҰ қауіпті вирустан сақтану жолдарын айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы