Қатыгездікпен өлтірді дегенді алып тастау қажет – Бишімбаевтың адвокаты

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанов ісі апелляция сатысында қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот үкімімен келіспейтінін айтып, "Аса қатігездікпен адам өлтіру" бабын ауыстыруды ұсынды. Оның айтуынша, 99-бап бойынша тағылған айыпты мүлдем алып тастап, істі жаңа құраммен қайта қарау керек.

Мен Бишімбаевтың адвокаты ретінде бұл үкіммен келіспеймін: ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша "Аса қатыгездікпен адам өлтіру" бабын өзгертіп, оның әрекетін ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен "Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру" деп қайта қарауды сұраймыз, – деді адвокат.

Бишімбаевқа қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша 7 жыл тағайындалды. Ал 99-баптың 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Түпкілікті 24 жыл берілді.

Еске сала кетсек, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталды. Ал оның туысы Бақытжан Байжановқа - қылмысты жасырып қалу әрекеті бойынша іс қозғалып, 4 жылға сотталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы сот
Өзгелердің жаңалығы