Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі экспортқа шығады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір бұл дәрінің екінші деңгейлі клиникалық сынақтары қарқынды жүріп жатыр.

Өткен жылы бірінші деңгейлі клиникалық сынақтарды аяқтадық. Енді зерттеуге қатысатын пациенттер саны артты. Қазір бұл дәріні барлық қатерлі ісік түрлеріне сынақтан өткізіп жатырмыз. Өткен жылы тек тоқ ішек қатерлі ісігіне тестіледік, енді барлық онкологиялық ауруларды қамтып отырмыз. Жоспар бойынша осы жылдың соңына дейін препаратты тіркеп, нарыққа шығарамыз, - дейді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан соң өткен брифингте.

Ведомство басшысы сынақтардың нәтижесі өте жақсы әрі тұрақты, ал пациенттердің реакциясы оң екенін айтады.

Орташа есеппен ісіктердің көлемі 30%-ға азайды, ал арнайы процедурамен тестілеуге қатысқан науқастарда ремиссия басталып отыр, - деп түйіндеді министр.

Еске салсақ, министр еліміздегі ғалымдарға қандай жағдай жасалып жатқанын, сондай-ақ ғылыми жобалардың үлесі артып келе жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы