Бүгiн 2026, 19:45
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Қатардағы төтенше жағдай: Тоқаев арнайы жеделхат жолдады
Рас-Лаффандағы қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Қатар халқына қолдау білдіріп, маңызды мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.
Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз, – делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, Қатардың Рас-Лаффан (Ras Laffan) индустриялық аймағында орналасқан ірі газ өңдеу кешенінде жарылыс болып, салдарынан кемінде 13 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.