27 Қазан 2026, 17:06 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдаудан кейін Түркияға сапармен барады

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров 28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына баратынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады, - деп жазды Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтыны хабарланды. 

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын 28 қазанда жариялайтынын жеткізді.