10 Қараша 2026, 22:30 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Измир провинциясындағы металлургия зауытында болған жарылысқа байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Х әлеуметтік желісінде жазды.

Мемлекет басшысы бауырлас Түркия халқына қолдау білдіріп, жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуін тіледі, – деп жазылған жазбада.

Еске салайық, 9 қарашада Измир провинциясының Алиага ауданындағы HABAŞ металлургия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде жарылыс болып, арты өртке ұласқан. Оқиға салдарынан бірнеше жұмысшы үйінді астында қалған.