31 Шілде 2026, 12:04 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға барды

Президент Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, - деп жазылған Ақорда хабарламасында. 

Бұған дейін Тоқаев маңызды халықаралық кездесуге қатысу үшін Қырғызстанға аттанғаны хабарланды