5 Қараша 2026, 16:26
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалланы қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсім аясында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
Айта кетейік, бұған дейін Иордания Королі Қазақстанға келгені хабарланды.
6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.