Қашанғы фейсбуктің деңгейінде отыра береміз. Мақсат Толықбай AMANAT-қа қосылу жайлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Журналист Мақсат Толықбаев Adal партиясының AMANAT-қа қосылуы туралы пікір білдірді.
ADAL партиясының сайлауалды бағдарламасы кезінде 30 жылда ешбір партия жасай алмаған цифрлық ауданның жобасын жасадық. Қазақстандағы бүкіл ауданның бюджетін ашып көрсеттік. Платформада әркім үйінде отырып, күнделікті проблеманы көрсете алды. Тіпті жазудың да керегі болмады. Лайк, таңдау арқылы ауылға керек ғимарат пен ұйымдарды таңдауға болатын. Әрбір мәслихаат депутатаның жеке кабинетін ашамыз дедік. Елдер арыз-шағымын үйінде отырып жеткізеді. Бұл үлкен жобаның біреуі ғана. Оны жүзеге асыруға ресурс жоқ, тетік жоқ, - деді Толықбай.
Журналистің айтуынша, Adal партиясы сайлаудан кейін қай кетті дегендерге жауап берді.
Біз осы уақытқа дейін қабылданған әр заң жобасына қатыстық. Қызыл кеңірдек болып айтасың, бірақ жеме-жемге келгенде дауыс беру құқығы жоқ. Біз айтқан ұсыныстар қабылданып жатыр. Бірақ атақ-абыройдың барлығы басқа партияға кетіп жатыр. Осының барлығы Президенттің ауызынан шықты. Ешқандай популизм жоқ. Шынымен, зерттеу жүргізгенімізге, анализ жасағанымызға көз жетті. Ауылды дамытатын мобильдік қосымшаларды құру да бар. Алайда айналып келгенде оны дамытуға ақша жоқ, - деді ол.
Толықбай айтқандай, партиялардың қосылуы туралы айтты.
Осының барлығын жүзеге асыру үшін бірігіп жатырмыз. Келесі сайлау қашан болады. ADAL оған қатыса ма, жоқ па? Өңірлердегі филиалды ұстау да оңай емес. Оған қанша қаржы керек. Отырып алып фейсбукте сынайтын пост жаза беруге болады. Бірақ халық өзгерісті ертең емес, бүгін қалайды. ADAL-ға сеніп, дауыс берген ағайынның аманаты бар. Шын қолдайтындар қуанады деп ойлаймын. Біздің үніміз енді Парламенттен де естіледі. Сондықтан қосылып жатырмыз. Қашанғы енді, айғай салып фейсбуктің деңгейінде отыра береміз. Уақыт көрсетеді, - деді ол.
Айта кетейік, AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде Мақсат Толықбай AMANAT-тың саяси кеңес құрамына кірді.