Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы ауысты

Жанат Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

«Ерлігі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен наградталған.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныбы берілді.

2024 жылы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры болып танылды.

2000 – 2009 жылдары - прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;

2009 – 2012 жылдары - Әділет министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2012 – 2014 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2014 – 2017 жылдары - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры;

2017 – 2019 жылдары - прокуратура органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2019 – 2020 жылдары - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары;

2021 – 2024 жылдары - Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

2024 жылғы ақпаннан бастап - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.

Еске салсақ, бүгін Тоқаевтың өкімдерімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері лауазымдарынан босатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы