Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Мейіржан мен Мейірханды қамау мерзімі ұзартылды
Вайнер Мейіржан Төребаев тағы бір ай қамауда отырады. Онымен бірге Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев Mudarabah Capital қаржы пирамиадасын құрды деп айыпталған болатын.
Осы жылдың 20 сәуірінде Төребаев пен Шерниязов қамауға алынып, Саидбаев қашып кеткен еді. Кейін күдіктілерді қамауға алу мерзімі 19 тамызға дейін ұзартылса, кеше Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оларды қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты. Енді Мейірхан Шерниязов 16 қыркүйекке дейін, ал Мейіржан Төребаев 18 қыркүйекке дейін қамауда болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлда жүргізуші масаң күйде жолаушыларды тасымалдаған
Өзгелердің жаңалығы