Қаржы пирамидасын құрды деген күдікті Ресей аумағында ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып, жұрттың қаржысын қалтасына басқан азамат Ресейдің Краснодар өңірінде тәртіп сақшыларының қолына түскен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны үшін халықаралық іздеуде болған «Центр Финанс» ЖШС филиалының бұрынғы директоры Краснодар өлкесінде ұсталды. 1990 жылы туған азамат 2018-2020 жылдар аралығында Ақтөбеде тұрғындардан аса ірі мөлшерде қаражат тартып, табыс табу бойынша қылмыстық қызметті ұйымдастырған болатын, – деді брифингте әкімшілік Полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында 2,5 метрлік бомба табылды
Өзгелердің жаңалығы