Қаржы пирамидасы. Алаяқтар халықты қандай сөздер арқылы «тұзаққа» түсіреді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де өткен брифингте  ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Қаржы пирамидаларына қарсы тұру шаралары жайлы баяндады.

Оның айтуынша, өткен жылы елімізде 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болған. Оларға 54 млрд теңгеден астам сомаға залал келтіріліпті.

Қазір қаржы пирамидасына қатысы ішкі істер органдарында 65 қылмыстық іс қаралып жатыр, онда 3 мыңнан астам жәбірленуші бар. Тәжірибе көрсеткендей соңғы жылдары бұл салада қылмыстың өсуіне экономикалық  белсенділік пен халықтың инвестицияға қызығушылық танытуы себеп болып отыр. Сұраныс бар жерде ұсыныс та болады,-деді ол.

Сондай-ақ ол алаяқтар жарнамалар арқылы халықты өз «тұзақтарына» түсіріп жатқанын және қандай сөздерді қолдану арқылы адамдарды баурап алатынын жеткізді.

Қаржы пирамидалары инвестиция саласында өздерін табысты жұмыс істеп жатқан мекеме ретінде көрсетеді. Олар өздерінің жарнамаларында «инновациялық жобалар», «жоғары табысты бизнес», «өте тиімді», «онлайн табыс», «табыстылығына кепілдік береміз» деген сияқты сөздерді қолданады,-деді Әділов. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы