13 Маусым 2025 2025, 20:23
Фото: gov.kz
Қаржы мониторингі агенттігі 12,5 млрд теңгенің шығынын өндірді
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларының қызметін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларының қызметін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылдың басынан бері:
- жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;
- жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;
- 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
- 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;
- 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.
227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, АФМ-нің «Baiqa, piramida!» атты Telegram-боты арқылы кез келген компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеруге болады.