Қарбызды нанмен жесе, не болады?

Әдетте қарбыз – сүйсініп жейтін, ағзаға пайдасы мол жеміс саналады. Алайда қарбызға нан қосып жейтін жандар да кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарбызға нан қосып жеу қаншалықты дұрыс? Денсаулыққа зияны жоқ па?

Бұл туралы диетолог, Астана Медицина Университеті жанындағы академик Е. Д. Даленов атындағы ғылыми зерттеу институты СӨС орталығының басшысы Жанна Нұрберген түсіндіріп берді.

Есімді білгелі әкемнің қарбызды нанмен жегенін көріп келемін. Қазіргі таңда да үйге қарбыз алсақ, жанында міндетті түрде нан тұрады. Бұрынғы уақытта ақ нан деген көп бола бермейтін. Көбінесе қара нан болатын. Қарбызға қара нан қосып жеу – пайдалы. Өйткені осы екі тағам ағзаға күрделі көмірсу болып түседі. Яғни қарбыз дегеніміз – қант. Қантты біз күрделі көмірсуға айналдырып, қанның құрамындағы қанттың деңгейін тез арада көтеріп жібермеуге көмектесеміз. Сондықтан қара нанмен қосып жеуге кеңес беремін, - дейді нутрициолог дәрігер.

Алайда барлық қарбызбен қосылғанда барлық нан пайдалы бола бермейтінін ескерген жөн.

Бірақ ақ нан мен қарбызды жеу – ағзаға зиян. Біріншіден, ол – калорияны арттырады. Организмге өте үлкен деңгейде калория түседі. Екіншіден, қан құрамындағы қант деңгейі көтеріледі. Сол себепті қарбызға ақ нан қосып жеуге болмайды. Негізі қарбызды десерт ретінде өзін ғана жеген жақсы. Егер қарбызды нанмен жегенді ұнататын болсаңыз, қара, екінші сұрыпты қарабидай нанын алып жеңіздер, - деді Жанна Нұрберген.

Еске салайық, бұған дейін қарбыз құрамындағы «химияны» зертханаға барып арнайы тексерттік.

Сондай-ақ қарбызды қай айдан бастап жеген дұрыс екенін жаздық.

Дәрігерлер қарбыздан уланып қалмаудың жолдарын атады.

Дәрігерлер қарбызды дәнімен жеуге қатысты пікірлерін айтты.

Сонымен қоса, қарбыз жеу арқылы артық салмақтан арылуға қатысты мамандар пікір білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы