Қарбыз жеп, артық салмақтан арылуға бола ма?

Тәтті әрі шырынды қарбыз – жаз мезгілінің басты жемістерінің бірі. Көпшілік салмақ тастау кезінде оны жеуге бола ма деген сұраққа жауап іздейді. Мамандардың айтуынша, қарбыз – төмен калориялы өнім, сондықтан оны артық салмақ кезінде де рационға қосуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мысалы, 100 грамм қарбыз құрамында 0,6 г ақуыз, 0,2 г май және 7,6 г көмірсу бар.

Onclinic мамандарының пікірінше, қарбыз ұзақ уақыт тоқтық сезімін сақтап, аштықты азайтады. Бұл – салмақты біртіндеп төмендетуге оң әсер етеді. Сонымен қатар қарбызды диета кезінде немесе семіздіктің алдын алу мақсатында жоғары қантты жеңіл-желпі тағамдарға балама ретінде тұтынуға болады.

Алайда, “қарбыз жеп семіріп кетуге бола ма?” деген сұрақ та жиі қойылады. Мамандардың айтуынша, бұл өте сирек жағдай. Егер адам күн сайын бірнеше килограмм қарбыз немесе қант мөлшері көп қарбыз тосабын тұтынбаса, артық салмақ қосу қаупі өте төмен. Себебі қарбыз майсыз, көмірсуы аз әрі калориясы төмен өнімдердің қатарында.

Бұған дейін қарбызды қай айдан бастап жеген дұрыс екенін жаздық

Сондай-ақ қарбыздан уланбау үшін нені есте сақтау қажеттігін де ескерттік

"Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма?" деген сұрақтың да жауабын іздеп көрдік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы