Қарағандыдағы ТЖ: Жарылыс болған кезде ер адам балконнан секірген

Қарағанды қаласында газ жарылған соң тұрғындардың бірі терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпановтың айтуынша, ер адам тірі қалған. 

Жарылыс орын алған соң бір адам үшінші қабаттағы пәтерден секірген. Ер адам тірі. Медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі сәтте оның диагнозы мен жағдайы анықталып жатыр, - деді Мұрат Қатпанов.

Еске сала кетейік, Қарағанды қаласындағы 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылды. Апаттар медицинасы орталығы күштері мен құралдары, жеке құрамның 50 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. 

Сонымен қатар жарылыс болған пәтерден үш адамның мәйіті табылды.

Өрт жергілікті уақыт бойынша 22:55-те ауыздықталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы