Қарағандыдағы полиция пунктіндегі қыздың қазасы: Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Қарағанды облысынның Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінде болған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша аталған бөлімнің бастығы мен оның орынбасары лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сондай-ақ, Қарағанды қаласы полиция басқармасы мен облыстық полиция департаментінің бірқатар басшылық құрамына қатаң тәртіптік жаза қолданылды. 

Азаматшаның денесі табылуына байланысты барлық мән-жайды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заңнама талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде учаскелік полиция инспекторы медициналық мекемеде ем қабылдауына байланысты қызметінен уақытша шеттетілді. Оның ішкі істер органдарынан шығару мәселесі емдеу аяқталғаннан кейін қаралатын болады, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, ведомствода аталған қылмыстық істі тергеу Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін айтты.

Полиция департаменті қызметтік тәртіп пен  ішкі тәртіп ережелері мен этикалық нормаларды бұзу фактілеріне - шеніне немесе лауазымына қарамастан қатаң шаралар қолданылатынын баса атап өтеді. Жоғары тәртіптілік пен заңдылықты сақтау, сондай-ақ азаматтардың сенімін нығайту — ішкі істер органдарының басты міндеті болып табылады, -  деді ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда полиция бекетінде әйелдің мәйіті мен ес-түссіз полицей табылғанын хабарладық.

Қарағандыдағы аталған резонансты іс, яғни қыздың мәйітімен бірге табылған полицей комадан шыққаны жайлы да жаздық.

Сонымен өатар, ІІМ басшысы Қарағандыдағы полиция пунктіндегі қыздың қазасына қатысты пікір білдірді. 

Қыздың мәйітімен бірге табылған полицей комадан шыққанын да жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы