Қарағандыдағы апат. Министрлік тергеуді бастады

Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды ЖЭО-3 технологиялық бұзушылығының тергеуімен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қарағанды-Энергоцентр» ЖШС 220 кВ ЖЭО-3 ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу және Қарағанды ЖЭО-3 және Топар ГРЭС байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің одан әрі шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерацияның толық төмендеуі орын алды. Өндірістің төмендеуіне байланысты Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының өнеркәсіптік тұтынушылары бойынша шамамен 350 МВт шектеулер енгізілді, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған электр станцияларының жұмысы қалпына келтірілді.

Жағдай Энергетика министрлігімен Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында.

Еске сала кетсек, Қарағандыда ЖЭО-3-те апат болып, қаланың жартысы жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз. Сонымен қатар, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-3 апатына байланысты өңір тұрғындарына үндеу жолдаған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы