18 Шілде 2023 2023, 11:41 Фото: polisia.kz

Қарағандыда түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер ұсталды

Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашқан сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азамат қашып кеткен еді.