Қарағандыда тағы бір шахта өртенді

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабардайды BAQ.KZ АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Саран» шахтасында түнде өрт шығып, арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылған.

2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те «Саранская» шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталыр жатыр, - деп мәлімдеді АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы