Қарағандыда полиция подполковнигі ұсталды

Қарағандыда 170 мың теңге көлемінде пара алып жатқан Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қарағанды облысы Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жедел шарасы барысында 170 мың теңге пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыратын болады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы