Қарағандыда газ жарылып, екі адам зардап шекті
Қарағанды қаласында газ жарылысы кезінде екі адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21 қаңтар күні сағат 18:51-де Қарағанды қаласы, Щорса көшесі, 37 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде газ баллоны (көлемі 5 л) жанбай жарылып, одан кейін №6 пәтер (2-қабатта) мен жартылай №4, 5 (2 қабатта) және 3 пәтерде (1-қабатта) алдын ала алаңы 36 шаршы метр аумақта ағаш төбесі мен қалқалар опырылған.
Салдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел адам дене жарақатын алып, күйік шалып Қарағанды қаласының облыстық медициналық орталығына жатқызылды. Оқиға орнына ТЖД күштері (36 қызметкер мен 8 техника) жұмылдырылған.
Құтқарушылар құлау қаупі бар құрылыс бөлшектерін демонтаждау бойынша жұмыс жүргізді.
Қала әкімдігі подъезд тұрғындарына жатақханадағы орындарды ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында жаңа спорт нысандары ашылды
Келесі жаңалық
Астана аспанында истребительдер ұшады
Өзгелердің жаңалығы