Бүгiн 2026, 12:19
Фото: видеодан скриншот
Қарағанды облысында жантүршігерлік апат: Көлікте қысылып қалған адам құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамды көліктен шығарып алды.
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында, Атамекен ауылы маңындағы «Астана – Алматы» автожолында жеңіл көлік жолдан шығып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қатты зақымданған көліктің ішінде қысылып қалып, өздігінен шыға алмады.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен зардап шеккен адамды көліктен шығарып алып, одан әрі ауруханаға жеткізу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін құтқарушылар көлікке қысылып қалған үш адамды аман алып қалды.