Бүгiн 2026, 16:51
Фото: видеодан скриншот
Қарағанды облысында құтқарушылар екі адамды құдықтан аман алып шықты
ТЖМ қызметкерлері екі азаматқа жедел көмек көрсетті.
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Парковая көшесінде орналасқан дүкен аумағында тазалау жұмыстары кезінде төтенше жағдай болды.
1957 және 1960 жылы туған екі ер адам құдыққа құлап, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерді септиктен шығарып алып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Азаматтар Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Дүкен иесі құтқарушыларға жедел әрі кәсіби әрекеті үшін алғысын білдірді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 8-қабаттан секірмекші болған әйел құтқарылды.