24 Қараша 2026, 16:48 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Жағадан 300 метр қашықтықтан табылды: Қарағанды облысында балықшы іздестіру жұмыстары аяқталды.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 қарашада 1962 жылы туған ер адам Шахан кентінен Қарқаралы қаласынан 14 шақырым жерде, «Әсел» шаруа қожалығының маңында орналасқан Беталыс көліне барған. Содан кейін ол хабар-ошарсыз кеткен. 

22 қарашада іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Операцияға 7 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 3 техника бірлігі тартылды. Іздеу барысында ТЖД жедел-құтқару жасағының мамандары жағадан 300 метр қашықтықта жоғалған ер адамның аяқ киімі мен балық аулау құралдарын тапты. Сағат 19:05-те жағадан 300 метр қашықтықта, 4 метр тереңдіктен ер адамның денесі табылып, судан шығарылды, - деп жауап жолдады BAQ.KZ сауалына облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Қарағанды облысының ТЖД тұрғындарды балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, су айдындарына жалғыз шықпауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында балық аулауға барған үш адам жұқа мұзға шығып, өзенге батып кеткені хабарланды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Павлодар облысында жоғалып кеткен зейнеткер қамыс арасынан табылды

Қара уылдырық саудасы: Мұнайлы ауданында 38 жастағы ер адам ұсталды

Бұланды ауданында балық аулауға кеткен ер адамның денесі табылды