Қарабахта мал жайып жүрген тұрғын минаға түсіп кетті
Оқиға Джабраиль ауданындағы әлі толық залалсыздандырылмаған аумақта болған. Ер адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
2026 жылғы 8 қазанда Әзербайжанның Джабраиль ауданындағы оккупациядан азат етілген Дагмашанлы ауылында мина жарылып, ер адам жарақат алды. Бұл туралы Ара басылымы хабарлады.
Миналарды залалсыздандыру жөніндегі ұлттық агенттігінің (ANAMA) мәліметінше, 2000 жылы туған Джабраиль ауданының тұрғыны Орхан Ашраф оглы Гахраманов мал жайып жүрген кезде минаға түскен.
Оқиға әлі де минадан толық тазартылмаған аумақта болған. Ер адам жаяу әскерге қарсы минаға түсіп, денесінің әртүрлі дәрежедегі жарақатын алған.
Қазір осы факті бойынша Джабраиль аудандық прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр.
Әзербайжанның ANAMA агенттігі, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасы азаматтарды мина қаупі бар аумақтарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Ведомстволар тұрғындарға мина қаупі туралы ескерту белгілеріне мұқият қарауды, күмәнді заттарға қол тигізбеуді және белгісіз аумақтарға кірмеуді ескертті.
Әзербайжанның азат етілген аумақтарында бұрынғы әскери қақтығыстардан қалған миналар мен жарылғыш заттар қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын үнемі ескертеді.
Еске салсақ, Әзербайжан СІМ Қара теңіздегі кемеге жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады. Румыния жағалауында кемеге дрон шабуылынан капитан қаза тауып, Әзербайжан азаматы хабарсыз кетті. СІМ азаматтарға маңызды ескерту жасады.
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде екі пойызды бірден тасымалдайтын паром салмақ