Қара уылдырық саудасы: Мұнайлы ауданында 38 жастағы ер адам ұсталды
Қара уылдырықты заңсыз сақтаған.
Маңғыстау облысында қара уылдырықты заңсыз сақтау дерегі анықталды.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қара уылдырықты заңсыз сақтады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады.
Жедел іс-шаралар барысында Мұнайлы ауданы аумағында жалпы салмағы 5 келіден асатын қара уылдырық салынған ыдыстар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен, сондай-ақ олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салайық, бұған дейін прокуратура заңсыз балық сатып алғандар да жауапқа тартылатынын ескертті.
- TikTok-тағы тұзақ: Жұмыс іздеген астаналықтар қалай алданды? 20:07
- Алматыда LRT құрылысы кезінде бірнеше көлік қызыл сызықтан өтіп, шұңқырға түсіп кеткен 19:41
- Екібастұзда бостандыққа шыққан әйел тағы бір адамды пышақтап өлтірген 19:23
- «Болашақ ойындары-2026» Астананы несімен таңғалдырады? 18:59
- Аптап ыстық басыла ма? 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамы 18:41
- Жағдай жедел штабтың тұрақты бақылауында – ТЖМ өрт туралы 18:22
- Қазақстан ЖИ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның құрылтайшысы атанды 17:54