Қар мен жаңбыр: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
2026 жылғы 3–5 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы.
Синоптиктер антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталғанымен бірқатар өңірде қар мен жаңбыр жауатынын хабарлады.
Тек елдің батысында 4-5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 3 қарашада шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде), сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +13+21°С-тан +6+19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +13+18°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады.