9 Қараша 2026, 15:06 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қар аралас жаңбыр және көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қалай өзгереді?

2026 жылғы 10–12 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жарияланды.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжанады.

Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек еліміздің батысында 11-12 қараша күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін, - деп жазылған Қазгидромет болжамында. 

Сондай-ақ, синоптиктер ауа температурасының негізгі фоны күндіз еліміздің батысында +3…+12°С, солтүстік-батысында 0…+8°С, солтүстігінде, шығысында және орталығында −3…+5°С, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +2…+10°С болатынын хабарлады. 

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады.