Қаңтардың соңғы күні елде ауа райы тұрақсыз болады

31 қаңтар, сәрсенбіде елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райының тұрақсыз сипатқа ие болуына атмосфералық фронттар әсер етіп отыр.

Сондай-ақ жауын-шашын жауады.

Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

ҚР бойынша тұман, көктайғақ, боран, сондай-ақ жел күшейеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы