Қаңтар оқиғасы. Осы уақытқа дейін 1060 адам сотталды – депутат
Бұл туралы депутат Гүлнар Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет ауыр қылмыс жасамаған қатысушылар үшін жазаны жеңілдетті. Бүгінгі таңда 1060 адам сотталды, олардың тек 106-сы нақты бас бостандығынан айырылды. Қаңтар айында зардап шеккендерге залал өтеліп жатыр, әлеуметтік, қаржылық және өзге де көмек көрсетілуде. Бұл жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры да қатысуда. Ел Президенті шалыс басқан адамдар үшін ұсынған екінші мүмкіндік – ең жоғары құндылық – адам бостандығы мен оның таптырмастығын түсінуге бірігу үшін қоғамға тікелей жолдау, - деп атап өтті мәжілсімен.
Сонымен қатар депутат рақымшылыққа іліккен азаматтар тобының анықталғанын айтты.
Ол үшін нақты уақыт аралығы белгіленді. Бұл 4 пен 7 қаңтар аралығын қамтыды. Аталған кезең, басқа қылмыстардың осы заңға жатқызылмау үшін жаппай тәртіпсіздіктермен байланыс-тырылды. Қылмыстық кодекстің әрбір адам бойынша нақты баптарын көрсете отырып, осы оқиғалар бойынша барлық істерге талдау жасалды. Жоба қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы аз орташа қылмыстар үшін жазадан босатуды көздейді. Мұндай қылмыстар үшін жазасын өтеген адамдардан соттылығы алынады, - деді Гүлнар Бижанова.
Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте Қаңтар оқиғасына қатысты «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы мақұлданғаны туралы жазған болатынбыз.