Қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылық жасау туралы заң мақұлданды

19 Қазан 2022, 12:50
1398
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылық жасау туралы заң мақұлданды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айта кетерлігі, заң жобасына Парламент депутаттары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында бастамашылық жасады. 

Заң ел аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты не олардың жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату не оларға соттар тағайындаған жаза мерзімдерін қысқартуды мақсат тұтқан.

Ізгілік, адамгершілік, гуманизм қағидаты – бүгін қаралып отырған «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасының құқықтық тұғырнамасы. Заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірледі. Ол – Қаңтар оқиғасындағы азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмеген қылмыстар жасаған адамдарға мемлекет тарапынан ізгілік пен рақымшылық акциясы, - деді депутат Дархан Мыңбай.

Заң жобасын отырысқа қатысып отырған 98 депутаттың 92-сі қолдап, мақұлданды. 

Өзгелердің жаңалығы