Бүгiн 2026, 16:15 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Қала немесе ауыл: Қазақстанда қай жерде ұзақ өмір сүру мүмкіндігі жоғары?

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты.

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Бірақ бұл көрсеткіш сіздің қайда тұратыныңызға да байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Халықтың өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын ұзарып келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 75,97 жасты құрады (2024 жылы – 75,44).

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қалалық жерлерде туғандардың өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары. Яғни, ондағы айырмашылық 76,63 және 74,81 жас.

Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да өсіп, 79,8 жасты құрады (2024 жылы – 79,42). Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 72,19 жас болды (2024 жылы – 71,33).


stat_gov_kz

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында – 78,83 жас және Астана қаласында – 78,78 жас.

Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында – 73,56 жас.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қанша қала мен ауыл бар екені белгілі болды.

Сондай-ақ, Қазақстан халқының саны қаншаға жеткені хабарланған.