Путин мен Макрон Ауғанстандағы жағдайға баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция басшысы Эммануэль Макрон мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Ауғанстан мәселесін талқылады. 

Бұлу туралы Reuters хабарлады.

Екі ел басшылары өзара келісімнен кейін қабылданған шараларды бірігіп жүзеге асырмақ.

Соңғы аптада Ауғанстанның саяси жағдайы шиеленісті.

Қос басшы Ауғанстандағы қазіргі ахуалды, адамдарды эвакуациялау және лаңкестік топ деп танылған Талибан туралы пікір алмасты. Сонымен қатар есірткі мен қару-жарақ саудасына қарсы күрес, халықаралық террористік қозғалыстар және әйелдер құқығын сақтау мәселесін талқылады. Президенттер алдағы уақытта екіжақты негізде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында, G20 шеңберінде бірлесе іске асыратын болады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, елдің бас қаласы Кабулды 15 тамызда «Талибан» террористік қозғалысы басып алған еді. Көп ұзамай Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден қашып кеткен болатын.

Бұған дейін Қазақстан саяси зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова тәліптердің Қазақстанның діни ахуалына әсерін болжау қиын екенін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы