Психолог: Ата-ана баласына өзі жетпеген арманды тықпалауға құштар

Психолог Жанар Сейітмағанбет ата-ана баласының қабілеті мен қалауын мұқият ескеруі керек. Кейде ата-ана өз қөзқарасы бойынша үйірмеге береді, мамандықты да таңдайды. Ал бұдан баланың бойындағы қабілеті жойылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Басты нәрсе баланың қызғушылығы оянуы керек. Ол баланың қасиеттері мен қабілеттеріне қарай жанының қалауынан туындайды. Жан қалауы арқылы қабілет қасиеттерін қабысып ынта туындайды, - деді психолог.

Оның айтуынша, адам бүкіл іске епті болмайды.

Меніңше, бала күнделікті өзіне қажет, өмірінің талаптарына сай істерге икемді болғаны жөн. Алайда, ол бала кезінен басталады, 20 жастағы жігітке өзі істеп көрмеген істі бере алмаймыз, сол сияқты икемділікті балаға 3-5 жасынан үйрету керек. Өмірге қажет істерге үйретуді ата-анасы қалыптастырады. Яғни жай істен бастап жасына қарай күрделендіріп отырады. Жалпы, бала 21 жасына дейін тұлға болып қалыптасады. Кейбір ата-аналардан байқайтыным 21-22 жастағы балаларына «ананы неге істей алмайсың, неге бүйтпейсің» деп жатады. Өйткені бұл жаста мән беру кеш болады, - дейді Сейітмағанбет.

Ата-ана бала бойындағы қабілетке мән бермесе не болады?

Туа біткен кезде әр адамның бір іске деген қабілеті болады. Мұны да ата-аналары ерте ажырата білсе баласының өмірі едауір жеңілдейтін еді, алайда басқа оқуға түсіп кейін оны тағы ауыстырып жататын жасөспірім көп. Ол жасөспірім есейе келе көп адасады, яғни ұзақ уақыт өзін бір саладан таппай жүреді, - деді ол.

Психолог мұндай тендеция NEET жастардың көбеюіне әкелетінін атап өтті.

Жастарға айтарым, ешқашан кеш емес. Мәселен, қазіргі таңда нешетүрлі қабілетті анықтайтын тесттер бар, соның бірі - Gallup. Біріншіден, әр адамға ізденіс қажет. Әркез адам өзінің жан қалауымен жұмыс істеуі керек, сондағы ғана ынтасы мен қызғушылығы қалыпты болмақ, - деді маман.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы