Ел құрамасы семсерлесуден Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

29 Қыркүйек 2023, 18:00
663
Бөлісу:
Ел құрамасы семсерлесуден Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Финалда біздің спортшылар Жапония командасынан озық шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды. Финалда біздің спортшылар Жапония командасынан озық шықты. Қорытынды есеп – 36:35 

Бұл Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі. Кеше біздің спортшылар командалық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бір күн бұрын шпажист Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші келді.

Өзгелердің жаңалығы