Профессионалдар. Игерілмей жатқан жерлерді қайтару жұмыстары үздіксіз жүргізіледі
Жер мәселесі елімізде өте өзекті тақырыптың бірі. Мемлекет басшысы ол туралы биылғы Жолдауында да айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Жер телімдері мен оларды игеру мәселесі бойынша жергілікті жерлерде қандай жұмыс атқарылып жатқанын білу үшін біз Жаңаарқа ауданы жер бөлімінің басшысы Айдын Кайроллаұлымен әңгімелескен едік.
Айдын Кайроллаұлы 1983 жылы Атасу кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген.
1989 -2000 жылдар аралығында Атасу кентіндегі Крупская атындағы орта мектепте оқыған. 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2014 жылы Карағанды «Болашақ» университетін, 2020 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдадым. Еңбек жолын Жаңаарқа ауданындағы ДЭУ- 43 мекемесінде 2 разрядтағы жол жұмыскері болып бастадым. 2001-2006 жылдары сылақшы, жұмыскер, монтаждаушы болып еңбек еттім. 2006 жылы «Жаңаарқа ауданының Жылжымайтың мүлік орталығы» РМК-на маман болып жұмысқа орналасып, 2010 жылдың 17 ақпанынан бастап басшы қызметін атқарып келемін, - деді ол.
Айдынның айтуынша, 2016 жылдың 8 сәуірінен кәсіпорынның қайта құрылуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мы, Жаңаарқа ауданының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлік» бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.
2018 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, кейінгі төрт жылда «Жаңааарқа ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшы болып жұмыс атқарып жатыр.
Ол биылғы Жолдаудың маңыздылығын айтты.
Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Стратегиялық маңыздылықты қамтамасыз етуге және белгілі бір уақыт аралығында нақты міндеттер мен мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы қазіргі уақытта ел үшін маңызды күрделі мәселелерді шешуді көздейді. Президентіміз Жолдауында көптеген маңызды мәселеге айрықша мән берді. Жолдаудағы айтылған тапсырмалардың жүзеге асуына бәріміз де үлкен жауапкершілікпен атсалысуымыз қажет, - деді маман.
Профессионал Жолдауда игерілмей жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жөнінде айтылғанын тілге тиек етті.
Игерілмей жатқан жерлерді қайтару жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың мониторингі жүргізуде. Qoldau.kz веб-порталындағы ақпаратқа сәйкес жерлерді пайдаланбай немесе ұтымды пайдаланбай отырған 549 жайылымдық жер пайдаланушыларға, 340 егістік жер пайдаланушыларға хабарлама жіберілді. Енді алдағы уақытта бұл жұмыстар жаңаша сипатта, тіпті үлкен қарқынмен жүреді деген сенім мол, - дейді Айдын Қайроллаұлы.
Оның айтуынша, Жаңаарқа ауданының жалпы аумағы - 6 млн 234 мың 871 гектар.
Оның ішінде: елді мекендердің (кент және ауылдық округ) жерлері– 313 368 гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер- 20 053 га. Босалқы жерлер - 1 525 765 га. Аудан бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер – 1956 656 га, оның ішінде: егістік жерлердің көлемі – 25 009 гектар, тыңайған жерлер – 16 364 гектар, шабындық жерлер-24 463 гектар, жайылым- 1 861 452 гектар, - деді маман.
Бөлімде 10 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2022 жылдың 6 айында бөлім қызметкерлері 519 қызмет көрсетті. Оның ішінде тұрғындар жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру, елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу, жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату, жер учаскесін алу үшін кезекке қою секілді қызмет түрін пайдаланды, - деді ол.
Профессионалдың айтуынша, жер алу конкурсы босалқы жер есебінен ұйымдастырылады.
15 шілдеде өткізілген конкурста ауданның босалқы жер есебінен жалпы көлемі – 396268,1309 гектар, оның ішінде: егістік - 150,63 га, шабындық – 1144,6 га, жайылым – 389358,151 га жер телімдері бөлінді. Бұл көрсеткіш бойынша аудан жоспарды 389 % орындады. Елді мекендерде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін азайту үшін 2021 жылы аудан бойынша жер кодексінің 48 бабының 7 тармақшасына сәйкес, Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жанындағы құқық беру жөніндегі жер комиссиясы жалпы ауданы 50 000 га болатын алшақ мал жайылымына ауылдардың әкім аппараттарына жер пайдалану құқығын беруді шешті, - деді ол.
Айдын Қайроллаұлының айтуынша, 2022 жыл басынан 63 447 гектар көлемінде жайылымдық жер елді мекендер жеке қосалқы шаруашылықтары үшін жергілікті әкімдерге пайдалануға берілді.
Атап айтқанда Қызылжар кенті – 28965 га, Түгіскен ауылдық округі – 30000 га және Қараағаш ауылдық округтері – 4482 га. Бүгінгі күні тиісті құжаттары рәсімделуде. Босалқы жер мүмкіндігіне сәйкес елді мекен жайылымы шегінде де жер қосымша берілу жоспарлануда. Ағымдағы жыл аяғына дейін елді мекендер шекараларын өзгерту арқылы жайылым жерлерін жалпы 20495 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Жаңаарқа кенті – 7178 га, М.Жұмажанов атындағы ауылдық округі – 4937 га, Сейфуллин ауылдық округі –8 380 га. Жалпы 2022 жыл соңына дейін елді мекендер жайылымдық жерлерін былтырғы жылғы берілген жерлерді қосқанда, 133 942 гектарға ұлғайтылады, - деді ол.
Айдын Қайроллаұлының айтуынша, бөлімге азаматтарды тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға(www.e-krg.gov.kz) «Жеке түрғын үй құрылысқа жер учаскесін алуға кезекті байқау» жүйесі орнатылған.
Қазіргі танда жер кезегінде 733 азамат тұр. 2021 жылы инфрақұрылым тартылған жерлерді, биыл тұрғын үй салу үшін кезекте тұрған 150 азаматқа жер телімі беріледі, - деді ол.