Проблемаларын тарифті көтеріп, тұтынушылар есебінен шешпек. Депутат электр энергиясына қатысты сауал жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте депутат Ғазиз Құлахметов электр энергиясының тарифін көтеруге қатысты Үкіметке сауал жолдады.
Депутат атап өткендей, бүгінгі таңда қазақстандықтарды толғандыратын мәселе – азық-түлік өнімдері, тарифтер мен қызметтер бағасының өсуі. Бұған маусым сайын орын алатын жанар-жағармай материалдарының қымбаттауы қосылды.
Мұның бәрі пандемия жағдайында халықтың сатып алу қабілеті шектеулерден кейін төмендеген кезде орын алып отыр. «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының ақпан айындағы сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 44%-ы елдің экономикалық жағдайы нашар немесе өте нашар екенін айтқан. 2020 жылы бұл көрсеткіш 14% болса, 2009 жылы 15% пайызды құраған. Респонденттердің 26%-ы отбасының материалдық жағдайы нашар және өте нашар деп бағалаған. Ал 13%-ы азық-түлікке ақша жетпейтінін, бұл кедейліктің көрсеткіші екенін жеткізген. Ал «ақшасы тамаққа жетіп, киімге жетпейтіндердің» үлесі 2004 жылдан бері қарай алғаш рет 35%-ға жетті, - деп айтты Құлахметов.
Ол атап өткендей, Энергетика министрлігінің 1 сәуірден бастап жылу электр стансаларының шекті тарифтерін 15%-ға көтеру туралы мәлімдеді.
Бұл да халыққа бағытталған ауыр соққының бірі. Осынау әділетсіз қадамды 53 пайызы тозып тұрған жабдықтарды жаңарту қажеттілігімен байланыстырады. Электр энергиясын өндірушілерде жөндеу жұмыстарының өзіне қаражат жетпейді. Ал олар қызметкерлердің жалақысын көтеріп, басқа шығындарды өтеуі керек. Яғни, монополистер, әдеттегідей, өз проблемаларын шекті тарифтерді көтере отырып, тұтынушылар есебінен шешпек. Сонда халықтың төлеген миллиарт негегі қайда кеткені туралы сұрақ туындайды, - деп атап өтті «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты.
Құлахметовтің сөзінше, 2018 жылғы қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев энергетика саласын қатаң сынға алып, тарифтердің көтерілуін қылмыс деп атады.
Ол монополистер өндірісті жаңғыртуға уәде бере отырып, жеті жыл ішінде миллиардтаған теңге табыс тапқанын атап өтті. Бірақ қуатты инвестициялау мен жаңартудың орнына, ірі энергетикалық компаниялар тұтынушылар есебінен заңсыз байыған. Қызметтер құнына бонустар, қызметкерлерге бонустар, несиелер бойынша сыйақылар, сондай-ақ өндірістік шығындар негізсіз ұлғайтылған. Сол кезде қолданыстағы тарифтердің негізділігі туралы өткір мәселе туындады және президент электр энергиясының тарифтерін қайта қарауды тапсырды, - дейді депутат.
Оның айтуынша, қуаттылыққа тарифтің шекті шамасы 1 МВт үшін 700 мың теңгеден 590 мың теңгеге дейін төмендетілді. Сол кездегі Энергетика министрі Бозымбаев электр энергиясының тарифтері 2025 жылға дейін көтерілмейді деп уәде берген.
Энергетика министрлігінің сайтында 2019 жылғы, 2020 жылғы және 2021 жылғы өсімнің төркіні бір себеппен жүретіні түсіндірілген: ЖЭК тарифтерінің өсуі, отын бағасының өсуі. Бұл ретте электр энергиясын өндіру тарифіне қандай шығыстар енгізілгені ешкімге түсініксіз, шешім қабылдау кезінде айқындық пен ашықтық жоқ. Бұның нақты жауабын ЭМ электр энергетикасын дамыту департаменті ғана білуі мүмкін. Бірақ қандай да бір себептермен оны құпия ұстайды. Бұл ретте ЭМ салалық реттеуші болып табылады. Тиісінше энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекіту кезінде мүдделер қайшылығы фактісі бар. ЭМ өзі рұқсат береді және заң талаптарының сақталуын өзі бақылайды. Органдардың бытыраңқылығы, бірыңғай реттеушінің жоқтығы байқалады, - деп тоқталды Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі қағидатын сақтау мақсатында бірнеше ұсыныс айтты:
- ТКШ тарифтерін (су, жылу, электр энергиясы, газ және т.б.) бекіту жөніндегі реттеуші функцияларды беру үшін Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің кейбір функцияларын біріктіретін Бірыңғай орган құру);
- құрылған органды Президенттің бақылауына беру;
- энергетикалық көмірдің құнын реттеуді енгізу (электр және жылу бағасының негізгі факторы);
- тауарлық және сұйытылған газдың қазіргі бағасын 2025 жылға дейін бекіту.
Депутаттар бұл сауалды Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
171 елді мекенді су басу қаупі бар – ТЖМ
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы