16 Қыркүйек 2022 2022, 12:48

Президенттікке кандидаттардың дайындалуына екі ай жете ме? – Министрдің жауабы

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Екі ай мерзім бұл үшін (Президенттік кандидаттарды дайындау үшін – ред.) жеткілікті. Егер саясаткер өз Отанының болашағы үшін, халқы үшін алаңдаса, ол әр сайлауға дайын болуы қажет, - деп түсіндірді Парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Әділет министрі Қанат Мусин.

Сондай-ақ ведомство басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңнан Президент болып сайлану үшін мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесінің болуын міндеттейтін 54-бапты алып тастау қажет пе?» деген мәселеге тоқталды. 

Бұл заңға өзгерістер енгізу үшін Парламенттің шешімі қажет, - дейді министр. 

Бүгін астанада өткен қос палатаның бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заң жобасын Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.

Қабылданған заң жобасы бойынша Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ елорданың атауы қайтадан Астана болып өзгереді.Тағы бір айта кетерлігі,  Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қойылады. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Мусин елдегі кезектен тыс Президент сайлауы қащан өтетіні туралы айтқан болатын.