27 Қазан 2026, 18:02
Фото: Ақорда
Президент Жолдауы: Қашан және қайдан қарауға болады?
28 қазан: Мемлекет басшысы халқына кезекті Жолдауын арнайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтыны хабарланды.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын 28 қазанда жариялайтынын жеткізді.