20 Қараша 2026, 15:34 Фото: Ақорда

Президент: Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді

Президент шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінетінін, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенетінін айтты. 

«Сондықтан халықтың әл-ауқаты мен ұлттық мүддені қара басының қамынан жоғары қоятын нағыз мемлекетшіл тұлғалар қажет. Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді. Бақ-дәулет келеді де кетеді, ал соңыңда жасаған ісің мен жақсы атың қалады. Соның бірі – ертең адамдар, келер ұрпақ игілігін көретін әлеуметтік инфрақұрылымдар. Қоғамда заң үстемдігі салтанат құруы үшін сенімді тірек керек, яғни, адамдардың өзегі мықты, моральдық принциптері мықты болғаны жөн. Дәл осы себепті жаңа қоғамдық этика қалыптастыру және «Таза Қазақстан» тұжырымын дәріптеу өте маңызды. Өйткені тек айналамыздан ғана емес, азаматтарымыздың ниет-пиғылынан, сөзінен және іс-әрекетінен тазалық сезіліп тұруға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, Президент табыс пен игілікке жеке адамдар емес, институттар кепілдік беретін мемлекет құрып жатырқанына тоқталды. 

Тағы оқи отырыңыз:

Біз қоғамдық дерттің бәріне, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргіземіз – Тоқаев